Цой қашан масканы шешіп, еркін жүруге болатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда қашан маскасыз жүру мүмкіндігі болатынын айтты.

Әрбір азамат өзін қауіпсіз сезінуі үшін халықтың кемінде 60 пайызы вакцина алуға тиіс. Сол кезде ғана ұжымдық иммунитет пайда болады. Осыдан кейін, әрине, маска режимін алып тастау мүмкіндігі қарастырылады, - деді Цой ОКҚ-да өткен халыққа есеп беру кездесуінде.

Айта кетейік, кездесу барысында министр Қазақстанда КВИ-ге қарсы үш вакцина қолжетімді болатынын айтты. «Спутник V» және отандық QazVac вакцинасынан бөлек, қосымша араб вакцинасы әкелінеді. Бұл екпе «Синофарм» компаниясының қытайлық технологиясымен өндірілген. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы