Цой қанша жалақы алатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысынан кейін кулуарда Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қанша жалақы алатынын айтты.
Алексей Цой журналистердің айына қанша жалақы алып, қанша сомасын азық-түлікке жұмсайтыны туралы қойған сұрақтарына жауап берді.
Біз (министрлер – ред.) шамамен 900 мың теңге көлемінде жалақы аламыз, - деп жауап берді министр.
Сонымен қатар Цой айына 5 адамнан тұратын отбасының керек-жарағына қанша жұмсалатыны туралы айтып берді.
Біз отбасымызда 5 адамбыз. Қажеттілігімізге байланысты аптасына 50-70 мың теңге көлемінде жаратамыз. Өйткені шығынның бәрі өтетін отбасылық іс-шараларға байланысты болады. Біз де қарапайым адамдар сияқты дүкендерге барамыз, - деп айтты ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Өзгелердің жаңалығы