Цой елдегі эпиджағдай туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой республикадағы эпидемиологиялық жағдай туралы баяндап берді.

Бүгінгі күні әлемде 176 702 232 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 160 733 606 адам емделіп шықты. Тәулігіне шамамен 290 мыңнан астам жағдай тіркеліп жатыр. 3,8 млн-нан астам адам қайтыс болды, өлім көрсеткіші 2,1%-ды құрады.

Соңғы аптада ТМД елдерінде, оның ішінде Ресей Федерациясында коронавирус инфекциясының өсуі байқалды, өткен аптамен салыстырғанда науқастардың саны 1,5 есе өсті. Қосымша шектеу шаралары қайтадан енгізіледі, - дейді ол.

Қазақстанда 15 маусымдағы жағдай бойынша COVID-19 оң нәтижесімен 402 996 науқас және КВИ теріс нәтижесімен 56 705 жағдай тіркелген. Науқастардың 94%-ы сауығып шықты.

Қазақстан Республикасы 6 маусымнан бастап «жасыл аймақта» орналасқан. «Қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан қаласы қалып отыр, бұл ретте алдыңғы аптамен салыстырғанда ауру жұқтыру көрсеткіші 1 365-тен 1 461 жағдайға дейін, яғни 7%-ға өсуі байқалады. Қалған аймақтар «сары» және «жасыл» аймақтарда орналасқан, - деп атап өтті министр Үкіметте.

Соңғы аптада КВИ анықталған жағдайлардың саны 16%-ға азайып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы