Цой Ақтөбе облысында қандай денсаулық сақтау нысандары ашылатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақтөбе облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары таныстырылған Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
Кешенді жоспар аясында денсаулық сақтаудың екі нысанын салу қарастырылған. Өңірдегі денсаулық сақтау нысандарын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Жоспарда мемлекеттік-жеке меншік аясындағы республикалық деңгейде Ақтөбе қаласында 350 орындық көпбейінді аурухана салу бар. Жоба ескірген аурухананың орнын алмастырады. Құрылыс кезінде 700 жұмыс орны мен пайдалануға беру кезінде 600 жұмыс орнын ашу қарастырлған, - деді Цой.
Министр айтқандай, балаларға арналған онко-гемотология орталығы балаларға арналған облыстық клинмикалық аурухана аймағында салынады.
Онда әртүрлі сала бойынша төсек-орындар ашылады. Бұл жоба науқастарды қамтуды арттырып, сол жерде дерттің диагностикасын жасап емдеуге мүмкіндік береді. Құрылыс кезінде 1023 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Нысанды қазіргі заманғы технологиямен қамту жергілікті бюджет пен жеке бастамалар аясында жүзеге асырылады. Денсаулық сақтау саласындағы шаралар өңірдегі медициналық көмек көрсету сапасын арттырады, - деді ол.
Алексей Цойдың айтуынша, жоспарланған іс-шаралар халықтың шетелде медициналық қызмет төмендетіп, ана мен бала өлім-жітімін азайтады.
Көпбейінді аурухана заманауи технологиялармен қамтамасыз етіледі. Білікті мамандар көмек көрсететін нысан республиканың медициналық турзимін арттыратын орынға айналады. Бұл шаралардың барлығы кешенді жоспарда көрсетілген, - деді Цой.