COVID-19: Вакцинациядан кейін пайда болған миллиардерлер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вакциналау басталғаннан кейін әлемде 9 жаңа миллиардер пайда болды. Олардың жиынтық пайдасы $19,3 млрд құрайды. 

Кейбір деректер бойынша бұл табыс деңгейі төмен елдердің халқын екпемен қамтуға жеткілікті болар еді. Ең көп табыс тапқан Мoderna және BioNTech басшылары. Сонымен қатар миллиардерлер тізіміне келесілер кірді: 

Иммунолог және Мoderna инвесторы Тимоти Спрингер ($2,2 млрд) 

Moderna Директорлар кеңесінің төрағасы Нубар Афеян ($1,9 млрд) 

Moderns вакциналары үшін қаптама дайындайтын Rovi компаниясының төрағасы Хуан Лопес-Белмонте ($1,8 млрд)

Ғалым және Modern инвесторы Роберт Лангер ($1,6 млрд) 

Қытайлық CanSino Biologics фармацевтикалық компаниясының құрылтайшысы және бас ғылыми қызметкері Чжу Тао ($1,3 млрд)

CanSino Biologics компаниясының құрылтайшысы және аға вице-президенті Цю Дунсу ($1,2 млрд) 

СanSino Biologics компаниясының құрылтайшысы және аға вице-президенті Мао Хуайхуа ($1 млрд).

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы