COVID-19 жұқтырған әйелдің сүті жасыл болып кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мексика тұрғыны коронавируспен ауырғаннан кейін, оның сүті жасыл түсті болып кеткен. 

Daily Star ақпаратына сүйенсек, дәрігер әйелге бала емізуді тоқтатпауға кеңес берген.

Коронавирус жұқтырған Анна Кортес дәрігерге көрініп, сүті жасыл түсті болып кеткенін айтып шағымданады.

Маман емшек сүті түсінің өзгеруі оның құрамының ауысуымен байланысты екенін түсіндірді. Оның сөзінше, әйелдің сүтінде антиденелер пайда болған.

Дегенмен Анна төрт айлық қызын емізуді тоқтатпаған. Кейіннен бала да коронавируспен ауырып шыққан. Алайда оның ауру ағымы жеңіл түрде өткен. 




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы