COVID-19: Жамбылдағы коронавирустың ағымдағы жағдайы бақылауда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 сәуір күні Жамбыл облысында COVID-19 инфекциясы анықталған 106 жағдай тіркелген.

1987 жылы туған науқас Тараз қаласында тұрады. Ол бұған дейін індет жұқтырған науқаспен байланыста болғандығы үшін карантиндік стационарға орналастырылған.

Эпидемиологиялық тексеру барысында аурудың өршуіне байланысты алты жақын адам анықталды. Науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді.

Жалпы алғанда, 27 сәуір күнгі жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 106 жағдайы тіркелген. Оның ішінде Таразда – 51, Байзақ ауданында – 4, Жамбыл ауданында – 4, Кордай ауданында – 34, Меркі ауданында – 2, Мойынқұм және Шу аудандарында – біреуден. Дели – Тараз рейсінен 6 жағдай, Теңізде вахталық кентінен келген жұмысшылардың арасынан 3 жағдай анықталған.

Індет жұқтырған науқастардың 43-і емделіп, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы