COVID-19: Қытайда вакцина жылдың аяғында дайын болуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда коронавирусқа қарсы инактивты вакцинаның клиникалық сынағы жылдың аяғы немесе келесі жылдың басында аяқталуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыдан кейін ол нарыққа шығуға дайын болады. Бейжің қаласындағы арнайы маманданған зауыт жылына 120 миллион дана вакцина өндіре алады. Осындай тағы бір кәсіпорын Уханьда салынып жатыр. Ол дайын болғаннан кейін жылдық өндіріс 200 миллионға дейін артпақ. Бұл туралы вакцинаның екі түрін шығарумен айналысып жатқан қытайлық компания өкілдері хабарлады. Екеуі де клиникалық сынақтың екінші кезеңінен өтіп жатыр. Оған 2 мыңнан аса волонтер қатысқан. Соңғы деректер бұл препараттардың қауіпсіздігі мен тиімділігін көрсетті.

Клиникалық сынақтар мен вакцинаны қолдану бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және 20-дан аса мемлекетпен бірлесіп жұмыс істеп келеміз, - дейді «China National Biotec Group» компаниясының жетекшісі Лю Цзинчжэнь.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы