COVID-19 вирусынан өлім-жітім 43%-ға өскен – ДДСҰ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы COVID -19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

ДДҰ әлемде COVID-19 вирусынан өлім-жітімнің 43%-ға өскенін хабарлады. 21-27 наурыз аралығында бір апта ішінде әлемде 10 миллионнан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. 45 мыңнан астам адам қайтыс болды. Егер өткен аптадағы көрсеткіштермен салыстыратын болсақ, аурушаңдық 14%-ға төмендеді, ал өлім-жітім 43%-ға өсті. Иммунологтың айтуынша, өлім санының өсуі "ламбда"сияқты коронавирустың жаңа штаммымен байланысты болуы мүмкін. 

3D био принтерінде коронавирус ақуыздарын өсіру бойынша "магниттік фабрика" экспериментінің бірінші кезеңі аяқталды. Қазір нәтижелері бар қондырғы "Союз МС-19" кемесінде, қонғаннан кейін ол мамандарға шамамен 4-6 аптаға созылатын зерттеу үшін беріледі. Алынған үлгілер ақуыз құрылымын декодтау және адам ағзасына вирустарды енгізу механизмдерін зерттеу үшін қолданылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы