COVID-19: Вирус жұқтырудан сақтайтын мобильді қосымша жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұндай шаралар вирустың таралу тізбегін үзуге көмектеседі.

ЕуроОдақ коронавируспен ауыратын науқастармен байланыспауға және науқастың айналасындағы инфекция тізбегін бақылауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша жасады. Бұл туралы Еуропалық комиссияның ресми сайтында хабарлады, деп жазды korrespondent.net.

Байланыстарды іздеумен айналысатын мұндай қосымшалар коронавирусты тоқтатуға септігін тигізуі мүмкін. Бірақ оны қолданудың міндетті шарты - адам құқығын қорғауды қатаң сақтау, - делінген хабарламада.

Мұндай шаралар вирустың таралу тізбегін үзуге көмектеседі. Қосымшадағы барлық жеке мәлімет жасырын болуы керек. Бұл желіде кез келген пайдаланушы анонимді түрде тіркеле алады, оның ішінде вирус жұқтырғандар да.

Айта кету керек, мобильді қосымша адамдардың смартфондарына өз еріктерімен орнатылады және денсаулық сақтау саласы мамандарының назарында болады.

Еске саламыз, қазіргі таңда Қазақстанда аты жаман індетпен 1615 науқас тіркелген. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 365 адам, Алматы қаласында – 505 адам, Қарағанды облысында - 89 адам, Ақмола облысында - 81 адам, Атырау облысында - 76 адам, Жамбыл облысында - 58 адам, Шымкент қаласында - 58 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 8 адам, Алматы облысында - 41 адам, Ақтөбе облысында - 27 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 29 адам, Павлодар облысында - 18 адам, Маңғыстау облысында - 12 адам, Қызылорда облысында - 143 адам, Батыс Қазақстан облысында - 39 адам, Түркістан облысында - 57 адам, Қостанай облысында - 9 адам, жалпы 1615 науқас тіркелді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы