COVID-19. Вакцинаның қарқынды жүруіне қарамастан Түркияда індет өршіп тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елде ұжымдық иммунитетке қол жеткізуге екі қадам қалды, бірақ инфекция қарқыны өсуде. 

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында хабарлады.

Түркия күшейтілген вакцинация аясында COVID-19 жағдайларының ең жоғары деңгейіне жетті. Тұрғындардың 77%-дан астамы вакцинаның алғашқы дозасын алды, ал 59%-ы толығымен егілді. Осыған қарамастан вирус жұқтырудың жаңа жағдайлары мен ауру салдарынан көз жұмғандар саны өсуде. Өткен аптада індетке шалдыққандардың күнделікті өсімі 20 мың жағдайға жетті, ал өлім саны 250-ден асты. Бұл Түркиядағы коронавирустың үшінші толқынының ең жоғары көрсеткіштері.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жансақтау бөліміне жатқызуға дейін алып келетін бұл вирус егілмеген азаматтар арасында кең таралуда.

Грузиялық мектеп оқушылары коронавирустың таралу қарқыны төмендеген жағдайда және мұғалімдердің көпшілігі COVID-19 вирусына қарсы вакцинациядан өткен кезде ғана мектепке орала алады.

Білім министрі Тамар Габуния мектептерде күндізгі оқу басымдыққа ие екенін атап өтті, сонымен қатар ДДҰ күндізгі оқуға тыйым салуды соңғы кезекте енгізуді ұсынады. Грузияда оқу жылы 1 қыркүйекте емес, 15 қыркүйекте басталады.

Егер эпидемиологиялық жағдай қауіпсіз мектеп ортасын қамтамасыз ету үшін жеткілікті түрде тұрақталмаса, әрине, бұл тұрғыда оң шешім қабылдау мүмкін емес, вакцинация мәртебесі де маңызды, - деді Габуния.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы