COVID-19: Вакцинадан кейін израильдік 13 тұрғынның беттері жансызданған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Израильдің 13 тұрғыны коронавиусқа қарсы Pfizer вакцинасынан кейін бет параличіне шалдықты, деп жазды The Jerusalem Post елдің денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Дәрігерлердің айтуынша, вакцинаның мұндай салдары жиі кездеседі. 

28 сағатқа жуық осындай параличпен жүрдім. Қазір де жансызданудан толықтай арылған жоқпын. Бұдан басқа мені ештеңе мазаламады. Тек екпенің орны ауырсынып тұрды, - деді екпе салдырғандардың бірі.

Ол екінші екпені салдыру жөнінде шешімге келе алмай жүргенін атап өтті. Дегенмен елдің өзге тұрғындарын вакцинациядан бас тартуға шақырмады.

Шиба клиникасының инфекциялық бөлімнің жетекшісі Профессор Галья Рахав (Galia Rahav), бет параличіне шалдыққан пациентіне вакцинаның екінші дозасын екпегенін айтты. Сонымен қатар дәрігер мұндай жағдайдың орын алуына не себеп екенін де атап көрсетпеді. 

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері вакцинаның екінші дозасын тек беттің жансыздануынан айыққан пациенттерге ғана салуға рұқсат екенін ескертті.

Елде коронавирусқа қарсы жалпы халықтық вакцинация 19 желтоқсанда басалған. Вакинаны алғашқы болып медицина қызметкерлері мен медициналық университеттің студенттері қабылдады. Және елдің президенті мен премьер-министрі де вакцианы алғашқылардың бірі болып еккізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы