COVID-19: Вьетнамда бір тәулікте 9 мыңға жуық адам індет жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вьетнамда бір күн ішінде 8,6 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.
Өткен тәулікте ғана инфекцияның жаңа түрін жұқтырудың 8681 жағдайы анықталды, деп хабарлады REGNUM.
Ауруға шалдыққандардың ішінде 13 адам Вьетнамға шетелден келген екен. Ал қалған науқастардың барлығы - ел азаматтары.
Оның үстіне, Вьетнам Денсаулық сақтау министрлігі бұл көрсеткіш өткен аймен салыстырғанда бір тәулік ішінде айқындалғандардың ең төменгісі деп отыр.
Әсіресе, аурудың таралу ошағы болып табылатын Хошимин қаласының тұрғындары вирусты көп жұқтырған. Бұл қалада 5171 адам ауырып қалған.
Осылайша, SARS-CoV-2 инфекциясын жұқтырудың жалпы расталған саны Вьетнамда 695 744-ке жетті. Пандемия басталғалы бері коронавирус инфекциясы салдарынан болған асқынулардан республикада 17 305 адам қайтыс болған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы