COVID-19 Ухань зертханасында қолдан жасалған ба?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы уақытта ДДСҰ ұйым өкілдері мен Батыс Еуропа елдерінің ғалымдары арасында коронавирустың Қытай зертханасында қолдан жасалынған деген тұжырым дау тудыруда. Ухань ұлттық биологиялық қауіпсіздік директоры Юань Чжмин бұл қауесеттерге қатысты жауап қайтарды. Бұл туралы Риа Новости хабарлады.

Ухань вирусология институты 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін COVID-ты зерттеген де, кездестірген де жоқ. Ухань вирусология институты коронавирусты ешқашан қолдан жасаған емес, зертханадан да шығармады. Үшіншіден, институттың бірде бір қызметкері немесе студенті осы күнге дейін COVID жұқтырмады, - деді Чжимин брифингте.

Оның айтуынша, коронавирустың зертханада пайда болғанын дәлелдейтін бір де бір айғақ жоқ.

Ғалымдар арасында COVID-19 табиғи жолмен пайда болды деген тұрақты пікір бар. Сарапшылар да өз мәлімдемелерін жариялады. Онда қазіргі таңда коронавирустың жасанды жолмен пайда болуын немесе зертханадан шыққанын растайтын ешқандай дәлел жоқ екені айтылған, -деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы