COVID-19: Түркияда бір тәулікте 150-ден астам адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияда коронавирустық инфекциямен ауырған науқастар арасындағы тәуліктік өлім көрсеткіші рекордтық деңгейге жетті: соңғы тәулікте 153 адам қайтыс болды.
Елде коронавирус пандемиясы екінші шыңына жетті. 22 қараша күні, елде пандемия басталғалы бергі уақыттағы бір тәулік ішінде коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайларының ең жоғары көрсеткіші анықталды – 6 017 жағдай.
Түркия мемлекетінде COVID-19 жұқтырудың 6713 жаңа жағдайы тіркелді, жалпы жұқтырғандар саны – 453 535, қайтыс болғандар – 12 511 адам. 4 409 адамның ахуалы нашар деп бағалануда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада серуендеуге болатын жаңа қоғамдық орындар
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы