COVID-19: Бір тәулікте мыңға жуық түркістандық тест тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында соңғы бір тәулік ішінде 944 азаматтан коронавирус инфекциясын анықтайтын сынама алынды. 

Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, тапсырылған барлық тест теріс нәтиже көрсетіп, ешбір азаматтан ауру анықталмады. Ресми мәлімет бойынша, соңғы екі тәулікте Түркістан облысында Covid-19 инфекциясы мүлдем тіркелмеген.

Қазір ауруханалардағы инфекциялық стационарларда небәрі 31 науқас covid-19 індетінен ем қабылдауда. Жалпы, жұқпалы ауруларға шалдыққан науқастарға арналған 600 төсек-орынның 484-і бос тұр. Пневмония және тұмаумен 85 адамға ем көрсетілуде. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, - делінген ақпаратта.

Түркістан облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, облыс бойынша Сovid-19 инфекциясын жұқтырған 3322 жағдай тіркелген. Оның ішінде 3168 науқас медицина қызметкерлерінің көмегімен сауығып шықты. Жалпы, күні бүгінге дейін өңірде 130061 азаматтан коронавирус инфекциясына қатысты зертханалық полимеразды тізбекті реакциясына сынама қабылданған. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы