COVID-19. Тамыздың соңында індет жұқтырғандар саны артады – министрлік болжамы
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Эпидемиологиялық жағдай болжамына сәйкес тамыз айында КВИ-дің орташа тәуліктік саны 4000 жағдайға дейін өсіп, кейін қыркүйекке қарай төмендейді. Ал 4 тамыздағы коронавирустың расталған жағдайы бойынша 1360 068 КВИ+ дерегі және коронавирустың расталмаған жағдайы бойынша 89 611 тіркелді. Қазіргі КВИ түрі, ауру жеңіл түрде өтеді. Бірақ қауіпті топқа, яғни аурудың қатаң түрімен ауыратындарға, жүкті әйелдер, 60 жастан асқан адамдар, созылмалы қоса жүретіне аурулары бар науқастар, КВИ-ға қарсы егілмегендер жатады, - деп ескертті ведомство басшысы.
Айтуынша, коронавирус жұқтырған жағдайда уақытында ем қабылдау маңызды.
КВИ-мен сырқаттанудың қазіргі сипаты науқастарда аурудың жеңіл түрде өтуімен бірге, дер кезінде емделмесе ауру асқынады. Бұл науқастардың 94%-дан астам амбулаториялық жағдайда емделетіндігімен де расталып отыр, - деді Ажар Ғиният.