COVID-19-дың суық мезгілдегі өміршеңдігі толық зерттелмеген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19-дың жылдың суық мезгіліндегі өміршеңдігі толық зерттелмеген. Алайда, тұмау вирусы қыс мезгілінде белсенділігі жоғары болатындығы белгілі. COVID-19-да ұқсас әрекет етуі әбден мүмкін.

Тұмаумен және ЖРВИ-мен ауырған адамдардың коронавирусты жұқтыру қаупін екі есе артық, өйткені бұл жұқпалы аурулар адам ағзасы мен иммунитіне ауыр салмақ түсіреді.

Сонымен қатар суық мезгілде адам ағзасының инфекцияларға төзімділігі төмендейді, ал COVID-19 жұқтыру қаупі артады.

2020 жылдың соңғы 3 айында Қазақстанда 771 524 ЖРВИ жағдайы тіркелген. Оның ішінде қазан айында – 267 133 жағдай, қарашада – 254 140, ал желтоқсан айында – 250 251 жағдай тіркелген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы