COVID-19: Шетелде ПЦР тест тапсыруға болатын зертханалар тізімі анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық тасымалдаушы шетелде ПЦР тестіні өтуге арналған зертханалардың тізімін жасады.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, 2020 жылдың 6 қазанынан бастап Қазақстанға шет елдерден келетін барлық жолаушының коронавирусқа ПЦР тестінің теріс нәтижесін растайтын анықтамасы болуы керек. Әйтпесе, Қазақстан азаматтары атажұртқа оралғаннан кейін 2 күндік карантинге орналастырылады, ал шетелдік азаматтар бортқа қабылданбайды.
Air Astana коронавирустың шетелде ПЦР тестін өтуге арналған зертханалардың тізімін жасады. Стамбұл мен Дубайдағы кейбір зертханада Air Astana жолаушысы ретінде арнайы корпоративтік тарифтерді пайдалануға болады. Бұл тізім толық емес. Осы тізімде жоқ басқа сертификатталған зертханалардан алынған анықтамалар жарай береді. Қазақстан арқылы халықаралық рейстермен сапар шеккен транзиттік жолаушылар үшін, егер олар әуежайдың транзиттік аймағынан шықпаса, ПЦР анықтамасы талап етілмейді. ПЦР тест кез келген жастағы жолаушыларға қажет, - делінген Ұлттық тасымалдаушының корпоративтік коммуникациялар жөніндегі департаментінің хабарламасында.Тізімді мына сілтеме арқылы өтіп көруге болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағанды орталығында Абайға көше берілді
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы