COVID-19: Семей мен Өскеменде мамандандырылған бөлімшелер ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 шілдеден бастап Семей және Өскемен қалаларында COVID-19 және пневмониясы бар сырқат деңгейі ауыр науқастарға арналған мамандандырылған бөлімшелер ашылады.

Бүгін аудан әкімдерінің, облыстың инфекциялық, провизорлық стационарларының бас дәрігерлерінің және денсаулық сақтау басқармасы басшысының қатысуымен кезекті жиналыс өткіздім. Оның барысында Өскемен қаласы, Аягөз, Жарма аудандарының әкімдері мен бас дәрігерлерінің медициналық препараттармен, жабдықтармен қамтылу жағдайы, сондай-ақ коронавирус инфекциясымен және пневмониямен сырқаттанған ауыр науқастарға қолданылатын шаралар туралы есептері тыңдалды. Бүгінде облыс ауруханаларындағы төсек орын жүктемесі 40% құрайды, - деп жазды әкім Facebook-тегі парақшасында.
Даниал Ахметов карантиндік төсектерді провизор ретінде қайта ұйымдастыру бойынша жұмыс жалғасатынан айтты. 
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы І.Мұхамеджанға 15 шілдеден бастап Семей және Өскемен қалаларында COVID-19 және пневмониясы бар сырқат деңгейі ауыр науқастарға арналған мамандандырылған бөлімшелер ашу тапсырылды. Карантиндік төсектерді провизор ретінде қайта ұйымдастыру бойынша жұмыс одан әрі жалғасуда. Бұдан басқа, алдағы бірнеше күнде эпидемиологиялық жағдайды, стационарлардың жүктемесін қадағалауға, облыс ауруханаларының дәрілік ресурстарын бақылауға мүмкіндік беретін сандық сервис іске қосылады. Біздің басты міндетіміз COVID-19 вирусының таралуын тоқтату және аймақ тұрғындарына толыққанды медициналық көмек көрсету екенін еске саламын, - деп жазды ол. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы