COVID-19: Ресейден келген студенттерден індет анықталмады
Алматы, BAQ.KZ. Ресей Федерациясынан жеткізілген 102 студенттің тест сараптамасынан коронавирус анықталмады. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігі хабарлады.
Кеше Ресейдің түрлі жоғары оқу орындарында білім алып жатқан жетісулық 102 студент Томск қаласы арқылы Алматы әуежайына келіп қонған еді.
Елге оралған студенттер 2 автобуспен Қапшағай маңындағы демалыс орнына жеткізіліп, орналастырылған еді. Студенттердің барлығы КВИ-ге тест тапсырды. Коронавирус ешқайсысынан анықталмады. Енді облыс әкімдігі оларды тұрғылықты жерлеріне жеткізу ісін ұйымдастырады, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тағы 7 қалаға әуе рейстері қатынайды
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы