COVID-19: Ресейде 4 мыңға жуық адам қайтыс болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейде коронавирустан қайтыс болғандардың саны 3968-ге жетті, олардың 101-і медициналық қызметкер, деп хабарлайды РИА Новости.
Басылымның мәліметінше, бір тәулікте COVID жұқтырғандардың саны 8338-ге жеткен, ал бір тәулік ішінде қайтыс болғандардың саны 161-ге жеткен.
Осылайша Ресейде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 370 680 болды. 142 208 адам айықса, 3968 науқас қайтыс болған.
Хопкинс университетінің мәліметінше, бүгінде Ресей коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде үшінші орында тұр. 1-орында АҚШ тұрса, екінші орында Бразилия тұр екен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жамбылда 100-ге жуық әскери вирус жұқтырған
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы