COVID-19: Павлодарға Омбыдан келген 109 адамның талдау нәтижелері шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Омбыдан Павлодар қаласына келген 109 қазақстандықта COVID-19-ға алынған талдау теріс нәтижені көрсетті. Бұл туралы Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Кеше Павлодар облысына  Омбы қаласынан 109 қазақстандық азаматтар келді. Олардың ішінде: Павлодар облысының тұрғыны - 74 адам, Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны – 8 адам, Алматы қаласы және Алматы облысы – 11 адам, Түркістан облысы – 9 адам, Шымкент қаласының тұрғыны - 7 адам. Павлодар қаласына келген уақытта барлық 109 адам бірден COVID-19-ға сынама-талдау тапсырды. Бүгін олардың нәтижелері белгілі болды – барлығы теріс нәтижені көрсетті, - делінген хабарламада.

Павлодар қаласы және Павлодар облысының 74 тұрғыны үй карантиніне ауыстырылады. Басқа аймақтың тұрғындары оларды тұрғылықты мекенжайларына тасымалдау туралы мәселе шешілгенге дейін карантин госпиталінде болады.  
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы