COVID-19: Павлодарда анықталған науқас туралы не белгілі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында короновирустың тағы бір жағдайы тіркелді, деп хабарлады Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

COVID-19 Павлодар қаласының 1974 жылғы тұрғынында анықталды.

Осы жылдың 17 сəуірінде жедел жəрдем бригадасымен провизорлы ауруханаға жеткізілді. Келіп түскен кезде ер адамда температурасы 38С өте жоғары болды, COVID-19 індетіне талдау алынып, 2020 жылдың 18 сəуірінде оң нәтиже көрсетті. Ер адам жер үйде тұрып жүрген. Қатынасқан адамдардың арасы анықталып жатыр, олардың оқшаулануы бойынша жұмыстар жүргізілуде, - делінген хабарламада.
Эпидемияға қарсы шаралар жалғастырылуда.

Бүгінгі таңда, 00.00 уақытындағы жағдай бойынша Павлодар облысында короновирус жұқпасының 18 жағдайы тіркелген.





Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы