COVID-19. Павлодарда емделіп жатқан 11 науқастың жағдайы ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда COVID-19-ға қарсы іс-қимыл жөніндегі облыстық штабтың отырысы өтті, деп хабарлайды аймақ әкімдігінің баспасөз қызметі.
Өткен тәулікте Павлодар облысында коронавирус жұқтырған 106 адам тіркелді. Бір науқастың оқшауланғанға дейінгі жұқтыру коэффиценті (RT) - 1,09. Төсек-орын жүктемесі – 22,91%.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазиновтың хабарлауынша, облыста COVID-19 диагнозы бойынша емделіп жатқан 11 науқастың жағдайы ауыр, оның үшеуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Сонымен қатар, Айдар Сейітқазинов КВИ және пневмониядан амбулаторлық ем алып жүрген науқастарды емдеу барысы туралы ақпарат берді.
Оның айтуынша, дәрігерлер мен үйде емделіп жатқан пациенттер арасында орнатылған бейнебайланыс тиімділігін дәлелдеп отыр. Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов бейнебайланыс әдісін жалғастыруды және жетілдіруді тапсырды. Сонымен қатар өңір басшысы диспансерлік есепте тұрған пациенттерге ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.
Дәрігерлер басқа ауруы бар науқастарға ерекше назар аударуы тиіс – әр емхана тұрғысынан олар көп емес. Амбулаторлық ем алып жатқан пациенттің жағдайы нашарлайтын болса, сәйкесінше сол емхананың бүкіл жұмысына төмен баға беріледі, - деді әкім.
Штаб отырысында Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының өкілдері облыстағы эпидемиологиялық жағдайға баға берді. Орталық бөлімінің меңгерушісі Ирина Нагорнаяның айтуынша, тұмау мен ЖРВИ өршіп тұрғанда эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы екіталай. Олар жүргізген сараптама қазір Павлодар облысында жағдай тұрақты екенін көрсетіп отыр.
1 желтоқсанда алынған ақпарат бойынша инфекциялық науқастарға арналған төсек-орынның 34% және карантин төсегінің 3% пайдаланылып жатыр. Денсаулық сақтау жүйесінің де жүктемесі осыған сәйкес. Дегенмен сақ болу керек, суықпен бірге тұмау мен ЖРВИ-дың да күшеюі әбден мүмкін, - дейді Ирина Нагорная.
Жедел штаб отырысы кезінде облыс әкімі КВИ жұқтырған науқастармен байланыста болған адамдардың санитарлық талапты сақтауын бақылауды күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, Әбілқайыр Сқақов мониторинг топтарының шағын және орта бизнес субъектілеріне қатысты амалдары ескерту сипатында болуы тиіс екенін ескерті.