COVID-19: Павлодарда тағы 8 адам емделді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жазылып шыққандардың арасында 6 Павлодар қаласының тұрғындары бар: 1970 жылы туған екі əйел адам, 1995 жылы туған қыз бала, кəмелет жасына толмаған - 2009 жылы туған қыз бала, сондай-ақ 1983, 1988 жылы туған ер адамдар.

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, олардың екеуі Екібастұз қаласының тұрғындары, олар: 1949, 1963 жылы туған ер адамдар. 

1970 жылы туған əйел адам алдын ала пневмония диагнозымен ауруханаға жатқызылған. 2020 жылғы 14 сəуірде Covid-19 анықталған. 1970 жылы туған əйел адам мен 2009 жылы туған кəмелет жасқа толмаған қыз бала бұрын КВИ анықталған адаммен жақын қарым-қатынаста болған. Олардан алынған сынама талдаудан 2020 жылғы 20 сəуірде Covid-19 расталды, - делінген хабарламада.

1995 жылғы қыз бала бұрын КВИ жағдайы анықталған адаммен қарым-қатынаста болыпты. 2020 жылғы 19 сəуірде Covid-2019 коронавирус инфекциясы анықталды. 

1988 жылы туған ер адам алдын ала бронхопневмония, ЖРВИ диагнозымен ауруханаға жатқызылған. Алынған талдау 2020 жылы 18 сəуірде Covid-19-ды анықтады. 

Екібастұз қаласының тұрғыны 1963 жылы туған ер адам пневмония диагнозымен ауруханаға жатқызылған, 18 сәуірде Covid-19 коронавирус инфекциясы анықталды. 

Екі рет алынған тест науқастарда теріс нəтиже көрсеткен, соның негізінде олар ауруханадан шығарылған. 14 күн бойы үй карантинінде, медициналық бақылауда болады. Бүгінгі күнде Павлодар облысында 20 науқас коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан, - делінген хабарламада.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы