COVID-19: Павлодар облысында тестілеу өткізуге 215 млн теңге бөлінді

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде коронавирустық инфекция бойынша полимеразды тізбекті реакция зерттеулерін жүргізуге 215,5 млн теңге бөлінген. Мамандардың айтуынша, бір тестінің бағасы 11,5 мың теңге көлемінде болмақ.

Павлодар облысы бойынша әлеуметтік әлеуметтік сақтандыру қорының директоры Нұрлан Қасымовтың хабарлауынша, өңір стационарларына 60,1 млн теңге бағытталса, емханаларда зерттеу жүргізуге 155 млн теңге жұмсалмақ.

Емханалар мен стационарлардың науқастары тестілеулерден тегін өтеді. Аймаққа қажет тесттердің санын жергілікті атқарушы органдар анықтайды. Қазіргі уақытта еліміз бойынша 600-ден астам медициналық ұйымдармен келісімшарттар жасалды. Бұл мекемелерде COVID-19 инфекциясына зерттеулер жүргізіледі. Павлодар облысында 27 медициналық ұйымда өткізуге болады. Айта кетейік, сәуір айында қор тарапынан емдеу мекемелеріне алғашқы транш бағытталды, - дейді Нұрлан Қасымов.
Тестілеуден тегін өте алатын азаматтардың қатарында ЖРВИ және пневмония белгілері бар тұрғындар, КВИ жұқтырған азаматтармен жақын қатынаста болғандар, демалу, жүрек-қан тамыр жүйелерінің аурулары бойынша бақылаудағы 50 жастан асқан пациенттер, шетелден келгендер бар. Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияға қарсы шараларға жұмылдырылған ішкі істер органдарының қызметкерлері тегін зерттеуден өту мүмкіндігіне ие.

Айта кетейік, облыста COVID-19 инфекциясын алдын алу шараларына республикалық бюджеттен 2,3 млрд теңге бөлінген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: дереккөз
Өзгелердің жаңалығы