COVID-19. Пандемия вакцина алмағандар арасында өтуде – Байден
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ президенті Джо Байден Огайо қаласында өткен кезекті жиында пандемия вакцинацияланбаған адамдардың арасында өтіп жатқанын мәлімдеді.
Бұл туралы СNN телеарнасында хабарлады.
Бізде вакцина алмағандар арасында пандемия өтіп жатыр. Бұл түсінікті жағдай. Егер сіз вакцина алсаңыз, сіз ауруханаға түспейсіз. Сіз жансақтау бөліміне жатқызылмайсыз. Өлім аузында болмайсыз , - деді АҚШ мемлекетінің басшысы.Ол екпеден қорқып, күмәнданған адамдарды ашық сұрақ қоюға шақырды. Оның айтуынша, вакцинация індеттен сақтанудың бірден-бір жолы, «дельта» вирусы иммунитеті жоқ, екпе алмағандар үшін өте ауыр соққы, соңы тіпті өлімге алып келетінін айтты.
Сонымен қатар АҚШ президенті әлеуметтік желілер жалған ақпарат тарату арқылы адамдардың санасын улап, «өлімге апарады» деген сөзге түсініктеме беріп өтті.
Мен, керісінше, олар адам өлтіреді дер едім. Олар таратып отырған жалған ақпарат адамдарды өлімге жетелейді. Бұл ешқандай әзіл емес. Бұл балаңызға бағдаршамда қызыл түс жанып тұрғанда жүре бер дегенмен бірдей, – деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Пандемия әлемдік жұмыссыздық деңгейіне қалай әсер етті?
Өзгелердің жаңалығы