COVID-19. Пандемия басталғалы елімізде індеттің тәуліктік тіркелуі рекордтық көрсеткішке жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады.
Оның айтуынша, коронавирус инфекциясының «Омикрон» нұсқасының таралуынан аурудың өсуі әлемнің барлық елінде байқалып отыр.
ДДСҰ-ның Еуропалық өңірінің деректері бойынша, соңғы екі аптада 54 елдің 43-де ауру өршуде. Жыл басынан бері республикада коронавирус инфекциясымен 178 мыңнан астам адам ауырды. Пандемияның бүкіл кезеңі ішінде алғаш рет тәуліктік жағдайдың тіркелуі 16 мың есеге артқан. бұл «Омикрон» нұсқасының өте жоғары жұқпалығына және таралу жылдамдығына байланысты, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.
Сонымен қатар бүгінгі таңда Түркістан облысын қоспағанда, бүкіл ел «қызыл» аймақта орналасқанын алға тартты.
Республика бойынша соңғы аптада коронавирус инфекциясымен сырқаттану деңгейі 1,5 есе өсті. Өлім-жітім бүкіл пандемия кезеңіндегі күн сайын ең көп аурушаңдық пен өлім тіркелген тамыз айымен салыстырғанда 12,4 есе азайды, - деді Ажар Ғиният.