COVID-19. Пәкістанда жазылып шыққандардың қаны сатылып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Адамдар мұндай "ғажап құрал" жақындарын вирустан құтқарады деп сенеді.
Пәкістанда коронавируспен ауырып жазылған науқастардың қаны қара нарықта 950-ден 3500 фунт стерлингке дейінгі аралықта сатылып жатыр. COVID-19 індетімен ауырып қалған отбасылар осынша қаражат төлеуге дайын. Себебі, олар "ғажап құрал" жақындарын вирустан құтқарады деп сенеді. Бұл туралы жергілікті медицина қызметкерлеріне сілтеме жасап The Guardian хабарлады.
Басылымға берген сұхбатында дәрігерлер коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың туыстары мен ауырып қалған отбасылар арасындағы мәміленің қалай жүргізілетінін сипаттап берді.
Ауруханалар бұған араласпайды, бірақ дәл осындай келісім менің көз алдымда жасалды. Пациенттердің туыстары мен жақындары сауығып кеткендерге келіп, қан доноры болуды сұрайды. Одан әрі олар жекеменшік зертханаға барып, "донорлық" қаннан плазма алады, - деді Исламабад мемлекеттік ауруханасының дәрігері.
Пәкістан дәрігерлері ауруханаларда дәрі-дәрмектердің тапшы екенін мойындады. Ал дәрі-дәрмекті аса қажет ететін науқастар үшін плазма - бұл нағыз "ғажап құрал".
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда бір жылда 117 мыңға жуық заңды тұлға тіркелген
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы