COVID-19. Түркістан облысында соңғы науқас Ордабасы ауданынан тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған соңғы 1 жағдай туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы мәлімдеді.
Ауру жұқтырған науқас Ордабасы ауданында тіркелді. Ол вирус жұқтырған адаммен тығыз қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес зертханалық сынамалар алынды. Диагноз нақтыланып, аудандық жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында эпид.тексеру жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
08.04.2020 жағдай бойынша Түркістан облысында COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 34 жағдай анықталды, Жетісайда – 14, Ордабасыда – 2, Сайрамда – 2, Мақтааралда – 4, Сарыағашта-1, Кентауда -5, Арыста-6.