COVID-19. Оқшауланбаған жалғыз ел Швеция да карантин жайында ойлана бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Швеция билігі әлі де көктемгі сценарийді ұстанады. Әлемнің көптеген елдерінен айырмашылығы, бұл мемлекет оқшаулау шараларын енгізбегенмен, азаматтарына антивирустық шараларды сақтауға кеңес береді. Бұл туралы ru.euronews.com жазды.

Швеция билігі індет көрсеткіштері көктемгі кезеңмен салыстырғанда өскенін айтып, тиісті сақтық шараларын қабылдау жөнінде айтып отыр.

Ал Словакияда халықты жаппай тестілеудің екінші кезеңі басталды. Бір апта бұрын ел азаматтарының үштен екісі жаппай тексеруге қатысты, содан кейін олардың шамамен 1%-ның вирус  жұқтырғаны белгілі болды. Биліктің мақсаты - карантиннен аулақ болу үшін бүкіл халықтан тест алу. Тестілеу ерікті түрде өткізіледі, бірақ бас тартқадар оқшаулануы мүмкін. 

Польшада қазірдің өзінде дүкендер, мейрамханалар және мәдениет мекемелері жабылып жатыр. Дүкендердегі тұтынушылар мен шіркеуге келушілерге шектеу енгізілді. Варшава егер бұл шаралар бір апта ішінде нәтиже бермесе, елде толық карантин енгізіледі деп мәлімдеді. Польшада вирус жұқтырғандар саны жарты миллионнан асты.

Францияда жұма күні жаңа антирекорд - тәулігіне 60 мың жағдай тіркелген. Елдің оңтүстігіндегі Сент-Этьендегі жеке ауруханалардың бірі жедел жәрдем бөлімшесінің сыйымдылығын төрт есе арттырды және басқа аймақтарға жіберілетін науқастардың санын көбейтті. Францияның Денсаулық сақтау министрлігі қарашаның ортасында аурудың шарықтау шыңын күтіп отыр.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы