COVID-19. Нью-Йоркте өлім-жітім деңгейі төмендеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихаты кезінде губернатор Эндрю Куомо мәлімдеді, деп хабарлады korrespondent.net.
Өткен жұмада Нью-Йорк штатында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар арасында өлім-жітім деңгейі төмен болды. Бұл соңғы күндері байқалған ең төменгі көрсеткіш. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихаты кезінде губернатор Эндрю Куомо мәлімдеді.Куомо сонымен қатар, қазіргі уақытта терапия бөлімінде интенсивті терапияны қажет ететін науқастар саны аз екенін айтты. Ауруханаларға ауыр хәлде түсетіндер де азайған.
540 адамның қайтыс болғаны туралы қайғылы хабар бар. Бұл бұрынғыға қарағанда азырақ, бірақ біз 504 аурухана және 36 қарттар үйінде қайтыс болған 540 адам туралы айтып отырмыз, - деді губернатор.
Губернатордың сөзінше, штат федералды үкіметтен, атап айтқанда, жеке қорғаныс құралдарынан көмек алуды жалғастыра береді.
Сенбі күнгі жағдай бойынша, АҚШ COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша әлемде көшбасшы болып қала береді. Джон Хопкинс атындағы медицина университетінің мәліметінше, қазіргі уақытта Америка Құрама Штаттарында 735 мыңнан астам адамның вирус жұқтырғаны анықтады, оның 38 910-ы қайтыс болған. Ал, Нью-Йоркте қаза тапқандар саны 13 мыңнан асады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Испания карантин мерзімін ұзартты
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы