COVID-19. Науқастарды емдеу үшін 59 дәрі түрі сатып алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы "COVID-19 диагностикасымен қамтуды көбейту. Халықтың өсіп келе жатқан сұранысына байланысты дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарын жеткізуі туралы" сараптамалық брифингі барысында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты.
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету - тегін амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша бекітілген бұйрыққа сәйкес амбулаторлық деңгейде жүзеге асырылады. Өздеріңіз білетіндей, бірыңғай дистрибьютор дәрілік препараттарды сатып алады. Оның құрамына тегін амбулаторлық тізім 100 пайыз кіреді және стационарлар жіберген тізім бойынша қажетті дәрі-дәрмектерді де бірыңғай дистрибютор сатып алады, - деді ол.
Вице-министрдің айтуынша, бүгінде коронавирус инфекциясымен ауырған науқастарды емдеу үшін 138,8 миллион теңгеге 59 дәрі түрі сатып алынған. Аталмыш дәрілік заттар барлық өңірге жеткізілді.
Медициналық ұйымдарда "Лопиновир", "Ритонавир" және "Гидроксихлорохин" дәрілері бар. "Ремдесивир" дәрісін сатып алу жұмыстары аяқталды, келісім шарт жасалды, енді жақын күндері бұл дәрі стационарларға жеткізіледі. Бұл дәрі коронавирустың күрделі түрін емдеуге аса қажет. Сонымен қатар, біз "Фавипиравир" дәрісін емдеу шараларына қосқаннан кейін, ол да жақында сатып алынатын болды. Бірнеше өндірушілермен келіссөздер жүргізілді, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Болашақ студенттерге 800 ноутбук сыйлайды
Өзгелердің жаңалығы