COVID-19: Мексикада саламатты өмір салтын ұстанғандар көбейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мексикада коронавирус тарағалы велосипедпен жүрушілердің қарасы көбейген. 

«Хабар 24» арнасының хабарлауынша, адамдар қоғамдық көліктерде вирус жұқтырып алудан сақтанып, қауіпсіз көлікке бет бұрған. Сәйкесінше, велосипед сатушылардың да саудасы қызған. Ал жергілікті билік бұл жаңалыққа қуанып отыр. Себебі індетке дейін 20 миллион халқы бар алып шаһар ауасының ластануымен күрес нәтиже бермей келіп еді. Енді билік қазір халық арасында кең жайыла бастаған осы үрдіс індеттің беті қайтқаннан кейін де жалғасын тапса деген үмітте. 

Айта кетейік, бұған дейін күн сайын 5 миллион тұрғын метромен қатынаған екен.

Адамдар коронавирус жұқтырып аламыз деп қоғамдық көліктермен жүруден қорқады. Карантин кезінде спортпен шұғылданатындардың қарасы көбейді. Жасыратыны жоқ, нәтижесінде дүкенімізде велосипед сатылымы да өсті, - дейді дүкен қожайыны Умбэрто Гарсиа.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы