COVID-19. Әлемдегі жағдай

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 26 маусымдағы жағдай бойынша әлемде коронавирус індетін жұқтырғандардың жалпы саны 9,58 миллион адамнан асты. Пандемия 188 елді қамтыды. Бұл туралы Джонс Хопкинс университетінің жобасында хабарланды.

Жобаның мәліметтеріне сәйкес, әлемде 9 588 717 адам індет жұқтырған. Жұқпалы ауру санының өсуі тәулігіне 179,9 мыңды құрады. Пандемия кезеңінде 488 842 адам қайтыс болды, 4,82 миллион адам сауығып кетті.

Коронавирустан көп зардап шеккен ел - АҚШ (2,42 миллионнан астам адам індет жұқтырған). Екінші орында - Бразилия (1,2 миллион адам), үшінші орында - Ресей (613 мың). Үндістан (473,1 мың) Ұлыбританиядан (309,4 мың) озып, төртінші орынға тұрақтады. Рейтингте Перу, Чили, Испания, Италия және Иран да бар.

Инфекцияның ең көп құрбаны АҚШ-та тіркелді, олар 124 410 адамға жетті. Ең жиі өлім-жітім бойынша Еуропа елдері зардап шекті. Бұл көрсеткіш 10 пайыздан асады.

Ресейде соңғы тәулікте ауруды жұқтырған 7113 адам анықталды. 

Ал Қазақстанда 19 750 адам індет жұқтырды. Оның 12 220-сы жазылып шығып, 140-ы көз жұмды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы