COVID-19. Әлемде соңғы тәулікте не өзгерді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирустық инфекциядан сақтану үшін түнгі клубтар мен дискотекаларға бармауды ұсынады.
Бұл туралы ДДСҰ төтенше аурулар бөлімшесінің техникалық тобының басшысы Мария Ван Керкхов 23 шілде күні хабарлады.Австрияда міндетті маска тағу режимі қайта енгізілді. Бұл ереже елде сәуір айынан маусым айының ортасына дейін сақталды және елдегі вирус жұқтыру статистикасы ең төменгі белгіге жеткенде жойылды. Алайда, коронавирустың жаңа өршуіне байланысты супермаркеттерде, банктерде, пошталарда және жанармай құю станцияларында маска тағу қайтадан міндеттелді.
Соңғы тәулікте Италияда коронавирустың үш жүзден астам оқиғасы тіркелді, бұл өткен тәулікпен салыстырғанда (282 жаңа жағдай) сырқаттанушылық деңгейінің өскенін көрсетеді, деп хабарлады ANSA агенттігі.
Нидерланды үкіметінің ғылыми кеңесшілері билікті індеттің екінші толқынын болдырмау үшін елде шектеу шараларын қайтадан енгізуге шақырады. Сарапшылардың айтуынша, шектеулер ең алдымен, тамақ беретін мекемелерге, сондай-ақ сұлулық салондарына қатысты болуы тиіс.
Францияда соңғы аптада бұған дейінгі жеті күнмен салыстырғанда сырқаттанғандар саны 26%-ға өсті. Атап айтқанда, бейсенбі күні тәулігіне мыңнан астам оқиға тіркелді. Қазіргі уақытта эпидемия ошағы елдің солтүстік-батысында байқалып отыр.
АҚШ астанасында Ақ үйдің жанында орналасқан екі кафетерий жаңа үлгідегі коронавирустың табылуына байланысты жұмысын тоқтатты. Бұл туралы бейсенбі, 23 шілде күні The Hill басылымы хабарлады.
Чехияда қазір 5 мыңнан астам Covid-19 белсенді жағдайы тіркелген. Бұл эпидемия басталғаннан бергі ең үлкен өсім. Жұмадан бастап елде бір уақытта 100-ден астам адам бар жабық бөлмелерде маска тағу міндетті режмі енгізілді.
Германияда жүргізілген сауалнама немістердің 79% қазіргі жағдайға үйреніп, әлеуметтік қашықтық ережесін сақтауды жылдам меңгеріп, маска тағуға оңай көшті. Германия тұрғындарының 19%-ы ережелерді сақтау оларға үлкен қиындықпен берілетінін айтқан.
Ал, Қазақстанда өткен тәулікте 1740 адамның коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды , сондай-ақ, өткен тәулікте 1772 адам індеттен емделіп шықты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әскери оқу орындарына қабылдау тәртібі өзгерді
Өзгелердің жаңалығы