COVID-19: Әлем бойынша науқастар саны 29 млн-ға жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тек соңғы тәулікте 244 мыңға жуық адам індет жұқтырған. Планетаның 1 миллион тұрғынына шаққанда өлім-жітім коэффициенті 119,1-ге жетті.
Әлем елдерінде коронавирус жұқтырған 26 миллионнан астам адам бар. Бұған Worldometers статистикалық сайтының деректері дәлел.
14 қыркүйектегі жағдай бойынша әлемде COVID-19 жұқтырудың 29 183 179 зертханалық жағдайы расталды.
Сонымен қатар, 21 миллионнан астам науқас сауығып шығып, коронавирус инфекциясының асқынуынан 928 мыңнан астам адам қайтыс болды.
Вирус жұқтырғандар саны бойынша АҚШ көшбасшы болып қала береді (6 708 448 жағдай), одан кейін Бразилия (4 845 003). Үшінші орында Үндістан (4 330 455 жағдай).
Жалпы, әлемде коронавируспен 7,2 миллионнан астам адам ауырып жатыр.
Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 77 жағдайы және 7 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 30 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 29 658, 328 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 6 853 жетті.