COVID-19: Латвия төтенше жағдай режимін сәуірге дейін ұзартты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавируспен күрес аясында республика басшылығы сауда және білім беру саласындағы шектеулерді өзгертті.
Латвия үкіметі коронавирустық індетке байланысты елде енгізілген төтенше жағдайды 6 сәуірге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы 2 ақпан күні өткен баспасөз конференциясында республиканың премьер-министрі Кришьянис Каринш мәлімдеді, деп жазады korrespondent.net.
Оның айтуынша, билік пандемия кезіндегі қауіпсіздік шараларын тиімді және түсінікті ету туралы шешім қабылдады.
Осылайша, үкімет дүкендердегі сатып алушылар санын қатаң бақылауды қамтамасыз ететін «қауіпсіз сауда» моделін енгізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, полиция қауіпсіздікті бұзу анықталған жағдайда дүкенді жабу туралы шешім қабылдауға мүмкіндік алады.
Сонымен бірге, Латвия билігі жақын арада эпидемиологиялық қауіпсіздіктің аралас талаптары, соның ішінде бетперде тағу талабымен бастауыш сынып оқушыларын мектепке қайтаруға ниетті.
Соңғы мәліметтер бойынша, республикада COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 67 мыңнан астам, оның 55,7-сі сауығып кетсе, 1219 науқас қайтыс болған.