COVID-19. Кубада екі жастан он жасқа дейінгі балаларды вакцинациялау басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кубада екі жастан он жасқа дейінгі балаларды коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинациялау науқаны басталды. Бұл туралы The Chronicle хабарлады.
Елдің денсаулық сақтау министрі Хосе Анхель Миранданың мәлімдеуінше, Кубада екі жастан 18 жасқа дейінгі балаларға вакцинациялауды бастау үшін жергілікті Soberana 02 екпесінің екі дозасы мен Soberano Plus вакцинасының бір дозасы қолданылады.Сонымен қатар ол бұл шешімнің шұғыл қабылданғанын айтты. Жергілікті биліктің хабарлауынша, бұл шешімнің басты себебі – балалар мен жасөспірімдер арасында аурушаңдықтың артуы, өлім-жітімнің көбеюі болып отыр.
Айта кетейік, бұған дейін BioCubaFarma биомедициналық холдингінің өкілдері ДДСҰ өкілімен кездесіп, коронавирусқа қарсы кубалық вакциналарды талқылаған болатын.
Ұлыбританияда COVID-19 жаппай қайта вакцинациясы басталды
Денсаулық сақтау министрі Саджид Джавидтің айтуынша, тізімге енгізілген азаматтарға кезек жақындаған сайын хабарланады. Ревакцинациядан 35 млн британдыққа дейін өтуі тиіс, ал бұл ел халқының жартысына жуығы. Ревакцинация рәсімі дәрігерлерге, әлеуметтік қызметкерлерге, 50 жастан асқан адамдарға және созылмалы аурулары бар немесе иммунитеті төмен адамдарға, сондай-ақ осы пациенттердің жақындарына қатысты болады.
Италияда COVID-19 иммундау паспорты жоқ болса жұмысқа жіберілмейді
Италия үкіметі коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтуді немесе ауруға иммунитеттің болуын растайтын құжаттың міндетті болуы туралы Жарлыққа қол қойды. Ереже барлық жұмыс істейтін азаматтарға қолданылады. Ковид сертификаты жоқ адамдар жалақысыз, жұмыстан шығарылады. «Жасыл белгісі» жоқ бірақ жұмысын жалғастырушыларға 600-ден 1 500 еуроға дейін айыппұл салынуы мүмкін.
АҚШ ғалымдары жаңа вакцина түрін ойлап тапты
АҚШ-та COVID-19 инъекциялық емес препаратын жасау туралы айтылды. Бұл Хьюстон медициналық университетінде жасалған мұрын спрейіне қатысты. Ғалымдардың айтуынша, препарат вирусқа қарсы тұрақты жергілікті иммунитетті 11 ай бойы қамтамасыз ете алады және оны орамасыз және мұздатпай сақтауға болады.
Шырышты қабықтарды егу жүйелі иммунитетті де, шырышты қабықтардың иммунитетін де ынталандыруы мүмкін. Мұндай иммундаудың артықшылығы бар, бұл халықтың үлкен топтары үшін қолайлы инвазивті емес процедура, – деді әзірлеушілердің бірі. Зерттеушілердің пікірінше, мұрынға арналған вакцинаның артықшылығы-бұл спрей өзінің жеңіл логистикасына байланысты бүкіл әлемде коронавирустық вакциналарды таратудың активі бола алады.