COVID-19. Коронавирустан 6, пневмониядан 5 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 4 наурыздағы ақпаратты жариялады.
4 наурыздағы мәлімет бойынша, 19 053 адам коронавирус инфекциясынан (13 227 КВИ+ және 5 826 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 418 пациент стационарда, 14 635 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 237 адамның жағдайы ауыр;
• 45 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 51 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістан облысында 16 заңсыз құрылыс нысаны сүрілген
Өзгелердің жаңалығы