COVID-19 кезінде жұмыс берушілер қызметкерлерін қалай қолдай алады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пандемия өмірдің көптеген тұстарына әсер етті. Көптеген бала қиындықтарға ерте жастан куә болды. Аз қамтылған отбасылардың балалары. Сондықтан оларға ата-ана жылуы мен қамқорлығы бұрынғыдан да қажет.
Ал ата-аналар өз кезегінде өзгелерден қолдауды қажет етеді. Юнисеф Қазақстан жұмыс берушілердің жұмыскерлерін қолдау бойынша нұсқаулықты ұсынды.
COVID-19 пандемиясы кезінде жұмыс берушілердің жұмыс істеп жүрген ата-аналарға және олардың балаларына қолдау көрсетудің 7 негізгі әдісін ұсынамыз:
1. Жұмыс орнындағы саясат отбасылы адамдарға қаншалықты ыңғайлы екендігін бағалаңыз. Жұмыс істейтін ата-аналардың ең өзекті қажеттіліктерін анықтаудан бастаңыз. Уақытша жұмысшыларға, мигранттарға, жүкті әйелдерге немесе ерекше қажеттіліктері бар жұмысшыларға аса назар аудару қажет.
2. Икемді жұмыс уақытын қамтамасыз етіңіз. Икемді жұмыс уақыты қызметкерлерге таңдау еркіндігін береді. Икемді еңбек жағдайларына алыстан жұмыс жасау, жұмыс аптасын қысқарту немесе ұзақ мерзімді демалысты қамтамасыз ету жатады.
3. Ата-аналарға қауіпсіз, қымбат емес, қол жетімді және сапалы балалар күтімімен қамтамасыз етіңіз. Жұмыс берушілер ата-аналарды балаларын күтуге жіберу арқылы қолдай алады.
4. Жұмыста және жұмыс орнынан тыс жерде тазалықты қамтамасыз етіңіз. Жұмыс істейтін аналарға балаларын емізуді әрі қарай таза, әрі ыңғайлы жерлерде жалғастыруға мүмкіндік беріңіз.
5. Жұмысшыларға медициналық көмекке жүгінуге кеңес беріңіз. Жұмыс берушілер жұмысшыларды ауруханалар мен денсаулық сақтау орталықтарына жіберуге көмектесе алады.
6. Жұмысшыларға және олардың отбасыларына стрессті жеңуге көмектесіңіз. Жұмыс берушілер COVID-19 пандемиясы кезінде мазасыздық, абыржу немесе қорқыныш сезімдері бар жұмысшыларға арнайы қолдау көрсетуі керек.
7. Егер сіздің қызметкерлеріңіздің арасында коронавирусқа шалдыққан адамдар болса (немесе олардың отбасы мүшелерінде коронавирус болса), онда сіз жұмыс беруші ретінде оларды жұмыспен қамту, ақылы еңбек демалысы, экономикалық жәрдемақылар (алимент) және медициналық шығындарды жабу арқылы қолдай аласыз.