COVID-19. Италияда құрбандар саны 30 мыңнан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жалпы, Италияда анықталған коронавирустың жалпы саны 217 мыңға жеткен.

Италиядағы коронавирустан болған өлім-жітім саны 30 201-ға жетті. Бұл туралы Италия азаматтық қорғау департаменті мәлімдеді, деп хабарлады korrespondent.net.

Нақты айтқанда, соңғы тәулікте COVID-19-дан 243 адам қайтыс болды, ал 2 747 адам сауығып кетті. Пандемия басталғалы бері елде вирус жұқтырғандар саны 217 185 адамға жетті, олардың 99 мыңнан астамы жазылып  шықты.

Тағы 87 961 адам ем-дом шараларын қабылдауда, оның ішінде 14,5 мыңнан астамы – стационарда жатыр. Қарқынды терапия бөлімшелерінде мыңнан астам пациент емделуде.

Бұған дейін Италияда тәулігіне COVID-19-дан сауығып кеткендердің рекордтық саны хабарланған болатын. Коронавирустан емделудің оң динамикасына қарамастан, жаңа жұқтыру оқиғаларының саны да бір тәулік ішінде едәуір өскен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы