Covid-19 инфекциясын жұқтырғандар 16 млн-нан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемде коронавирустық инфекциядан болған өлім-жітім көрсеткіші 645 мыңнан астам адамды құрады.

Пандемия басталғалы бері Covid-19 инфекциясын жұқтырғандардың саны 16 млн адамнан асты. Оның  9,8 млн-нан астамы емделп шықты. Бұл туралы Worldometer статистикалық порталы хабарлайды.

Коронавирус жұқтыру көрсеткіші саны бойынша бірінші орында АҚШ (4,3 млн), одан кейін Бразилия (2,3 млн), Үндістан (1,4 млн) және Ресей (806 мың) тұр. Жаһанда коронавирустың белсенді жағдайларының саны 5,6 млн адамды құрайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы