COVID-19: Индонезияда бір күнде 40 мыңнан аса жағдай тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 270 миллионнан астам адам тұратын Индонезияда күніне 40,5 мыңнан астам коронавирус жағдайы тіркелді.

Өткен тәулікте әлемде 390 026 COVID-19 жағдайы анықталды. Сонымен қатар 13 шілде күні Worldometers сайты жарияланған деректер бойынша Индонезия инфекциялар саны бойынша көшбасшы болды.

Айта кетсек, Индонезияда 40 427 жаңа жағдай тіркелді, Ұлыбританияда - 34 471, Үндістанда - 30 827. Сондай-ақ Ресейде - 25 140 жағдай, ал Иранда - 20 829 жағдай анықталды.

Worldometers деректері бойынша әлемде коронавирус жұқтырған 188 085 671 адам тіркелді.

Еске сала кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 3693 адамнан ПТР тесті арқылы коронавирус анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 462 417-ге жетті.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары «қызыл» аймақта тұр.

«Сары» аймақта: Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстары және «жасыл» аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы