Ғалымдар COVID-19 індеті қашан аяқталуы мүмкін екенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сингапурлық технологиялар университетінің инновациялар зертханасының мамандары COVID-19 пандемиясын әлемнің әр түрлі елдерінде аяқталуына қатысты болжамдарын айтты.  

Мысалы, Ресейде індет тек 19 тамызда аяқталады деп санайды ғалымдар.

Сондай-ақ, басқа елдерде де аяқталу мерзімдері алға жылжыды. Ғалымдардың пікірінше, АҚШ-та індет 5 қыркүйекте, Италияда - 30 тамызда, Ұлыбританияда - 20 тамызда, Германия мен Францияда - 5 және 8 тамызда аяқталады.

Модель авторлары бұл күндер жағдайға және қабылданатын шараларға байланысты өзгеруі мүмкін екенін айтады. Мысалы, егер коронавирус жұқтырғандар саны аз елдерде шектеу шараларын мерзімінен бұрын алып тастаса, онда оларда жұқтырудың жаңа толқыны пайда болуы мүмкін. 

Болжам үшін 131 елден коронавирус бойынша деректер алынып, сауыққан және жұқтырғандар бойынша динамиканы сипаттайтын инфекцияның таралуының математикалық моделі (SIR-модель) пайдаланды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы