COVID-19. Иммунолог жаңа қауіпті симптомды атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейлік иммунолог Владислав Жемчугов covid-19 вирусының жаңа қауіпті симптомын атады. Коронавирустың өлімге әкелетін клиникалық белгілерінің бірі - науқас адамда дене температурасының күрт төмендеуі.
Егер адамның температурасы 36 және одан төмен болса, бұл жағдайы ең ауыр науқастар. Мұндай науқастардың жағдайына қарай әрекет етіп, арнайы препараттарды қолдану қажет, - деп атап өтті Жемчугов және мұқият болуға шақырды.
Ғалымның пікірінше, бұл ауыр жағдай, өлімнен бірнеше күн бұрын ағзаның токсиндермен күресуге қабілетсіздігін және вирусқа иммундық жауаптың жоқтығын көрсетеді.
Ресей Оңтүстік Америка елдерін коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинамен қамтамасыз етуді жалғастыруда. Венесуэла "Спутник V" вакцинасының жаңа партиясын қабылдауда. Түнде ресейлік препарат тиелген ұшақ Каракас әуежайына қонды-барлығы 450 мыңнан астам доза жеткізілді. Жалпы алғанда 2020 жылдың соңынан бері РТИҚ Венесуэлаға “Спутник V” препаратының 5 млн-нан астам дозасын жіберді. Үкімет ұсынған статистикаға сәйкес ел тұрғындарының 67% COVID-19 вакцинасына қарсы екпе алды.