COVİD-19-ға қарсы мәдениетті қалыптастыра алмай жатырмыз - депутат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.KZ. Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров коронавирустың қазіргі ахуалына қатысты пікір білдірді.
Коронавирус тағы да ушығып кетті. Өкінішке орай, COVİD-19-ға қарсы мәдениетті қалыптастыра алмай жатырмыз.Маскасыз жүрсек, той- домалақ жасасақ, кешкі ойын- сауыққа барсақ бізге жұқпайтын болып көрінеді,-деді ол.
Депутат аяғында олай болмай шығатынын айтты.
Карантин талаптарын толық орындамай, ковидті жеңу мүмкін емес. Осы аксиоманы түсіну қажет.Тезірек вакцинацияны өткізу басты мақсат. Оғанға дейін санитарлық талаптарды қатаң орындау қажет. Басқа жол жоқ,-деді ол.
Айта кетейік, елімізде карантин шаралары жүзеге асырылып жатыр. Алматыда карантин 12-сәуірге дейін ұзартылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы