COVID-19-ға қарсы қанша төсек-орын дайындалғаны айтылды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 25 наурыздағы жағдай бойынша коронавирус жұқтырғандарды емдеуде қанша төсек-орын қамтылғанын мәлімдеді.
Басқарма мәліметінше, қазір қалада инфекциялық және модульдік стационарда, ауруханалардың жұқпалы аурулар бөлімшелерінде, Халық Аренада жалпы сыйымдылығы 7011 төсек-орны бар, оған қосымша 250 реанимациялық төсек-орын бар екен.
КВИ және пневмониямен ауыратын науқастарға 5 150 төсек-орын (пайдалануға) дайындалды, оның ішінде 1 947 немесе 37,8% науқас емделіп жатыр, бос төсек-орын 3 203 немесе 62,2% құрайды. Реанимациялық бөлімшелерде 320 төсек-орынмен қамтылған, оның ішінде ем алып жатқан науқастар саны 131 немесе 59,5%-ды құрайды, бос төсек-орын 89 немесе 40,5%, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ стационарларда инфекциялық бөлімшелерді орналастыру және ашу кезінде КВИ немесе КВИ белгілері бар науқастардың бейінді бөлімшелерде емделіп жатқан жоспарлы және шұғыл соматикалық науқастармен «араласпауына» ерекше назар аударылған. Яғни, стационарларда КВИ таралуын болдырмаудың барлық шаралары сақталған – инфекциялық бөлімшелер басқа бөлімшелерден оқшауланған, оларда фильтр арқылы жеке қабылдау бөлімшесі және басқа да жеке кіру есігі бар.