5 мың науқас реанимацияда. Францияны КВИ-дің үшінші толқыны басты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Франция халқы сәрсенбіні ерекше алаңдаушылықпен күтуде. Бұл күні кешке ел президенті Эмманюэль Макрон ұлтқа жолдау жасауды жоспарлап отыр.

Бес мың науқас реанимацияда жатыр. Бұл екінші толқын кезінде болған сырқаттанушылықтың шарықтау шыңынан да көп.

Президент жаңа шектеулер туралы айтады деп күтілуде. Бірақ олар жалпыұлттық сипатқа ие бола ма, әлде аумақтық сипатта бола ма, мұның бәрі кешкі сегізден кейін белгілі болады.

Ал танымал дәрігерлер мен эпидемиологтар вакцинацияның жалғасуына қарамастан, билік елдегі пандемияны бақылап отырған жоқ деп санайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы